119 просмотров
covid 19 2710
- ЖАҢАЛЫҚТАР

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН   5 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

46 / 100

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған бес адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққандардың төртеуі – Атырау қаласынан. Ал, бір науқас – Теңіз кенішінің жұмысшысы.

Коронавирус жұқпасымен науқастанған екі адамда ауру симптомды, үшеуінде симптомсыз түрде өтуде.
 
Сондай-ақ,  өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан екі  адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта 109 науқас үй жағдайында емделуде.

136 Просмотры