covid 19 1112r
- ЖАҢАЛЫҚТАР604 просмотров

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 40  АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында өткен тәулікте 40 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 8-і  Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 24 жұмысшыдан, Жылыой -1, Құрманғазы -5, Қызылқоға-2 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 7-інде ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  21 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 133 адам үй жағдайында емделуде. 
 Облыстық инфекциялық стационарда  48  науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 5, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 224  адам ем қабылдауда.