64 просмотров
corona 2810 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 4 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

46 / 100

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған төрт адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастар Атырау қаласынан, Жылыой, Қызылқоға аудандарынан және Теңіз кенішінен тіркелген.

Коронавирус жұқпасымен науқастанған екі адамда ауру симптомды, екеуінде симптомсыз түрде өтуде.

Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 23 адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта 87 науқас үй жағдайында емделуде.

75 Просмотры