covid 19 0911
- ЖАҢАЛЫҚТАР972 просмотров

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН  4 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында  өткен тәулікте 4 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастар Атырау қаласынан, Теңіз кенішінен және екеуі Құрманғазы ауданынан тіркелген.

Коронавирус жұқпасымен науқастанған бір адамда ауру симптомды, үшеуінде симптомсыз түрде өтуде.
 Сондай-ақ, өткен тәулікте 10 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 67 адам үй жағдайында емделуде. Ал, №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 35 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 7 адам ем қабылдауда.