whatsapp image 2020 10 29 at 10.44.40
- ЖАҢАЛЫҚТАР571 просмотров

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН  4  АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған төрт адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастар Атырау қаласынан және Теңіз кенішінен тіркелген.

Коронавирус жұқпасымен науқастанған бір адамда ауру симптомды, үшеуінде симптомсыз түрде өтуде.
 
Сондай-ақ,  өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 4  адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта 85 науқас үй жағдайында емделуде.