whatsapp image 2020 12 03 at 10.03.19 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР362 просмотров

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН  31 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында өткен тәулікте 31  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 5-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 23 жұмысшыдан, Жылыой ауданынан 3 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

 Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың басым бөлігі кезекті медициналық тексеріс кезінде анықталған. Өз еріктерімен covid-19 жұқпасының белгілерімен жүгінгендер жоқ. Науқастардың барлығында ауру симптомсыз түрде өтіп жатыр.

Айта кетейік, соңғы мәліметке сәйкес, коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар тіркелмеді.
Қазіргі уақытта 136  адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда  32 науқас, аудандағы инфекциялық стационарда 8, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 102 адам ем қабылдауда.