whatsapp image 2020 12 04 at 10.19.29
- ЖАҢАЛЫҚТАР368 просмотров

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН  28 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында өткен тәулікте 28  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 8-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 16 жұмысшыдан, Жылыой, Қызылқоға, Махамбет, Исатай аудандарынан бір  адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 

Соңғы тәулікте 12 адамда коронавирус инфекциясы кезекті медициналық тексеріс кезінде анықталған. Covid-19 жұқпасының симптомды белгісі  бар екі науқас өз еркімен медициналық ұйымдарға  жүгінген. Науқастардың 26-ында ауру симптомсыз түрде өтіп жатыр.
Індет жұқтырғандардың басым көпшілігі 20 – 49 жасты құрайды.  

Айта кетейік, соңғы мәліметке сәйкес, коронавирус инфекциясынан 8 адам жазылып шықты.
Қазіргі уақытта 148  адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда  32 науқас, аудандағы инфекциялық стационарда 7, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 111 адам ем қабылдауда.