30 просмотров
whatsapp image 2020 11 20 at 09.29.37
- ЖАҢАЛЫҚТАР

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН  19 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

50 / 100

Атырау облысында өткен тәулікте 19 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 14-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Жылыой  ауданынан – 2,  Теңіз кенішінен – 3 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың 5-еуінде ауру симптомды, қалғанында симптомсыз  түрде өтіп жатыр.

 Өткен тәулікте  үй жағдайында ем алып жатқан 15  адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 117 адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда  28 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 32 адам ем қабылдауда.

30 Просмотры