43 просмотров
whatsapp image 2020 11 19 at 10.39.17
- ЖАҢАЛЫҚТАР

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН  17 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

50 / 100

Атырау облысында өткен тәулікте 17  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 14-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Құрманғазы  ауданынан – 2 ,  Махамбет ауданынан – 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың 6-ында ауру симптомды, қалғанында симптомсыз  түрде өтіп жатыр.

 Өткен тәулікте  ем алып  жатқан 19 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 103 адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда  28 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 32 адам ем қабылдауда.

44 Просмотры