whatsapp image 2020 11 23 at 10.07.58 2
- ЖАҢАЛЫҚТАР532 просмотров

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН  15 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында өткен тәулікте 15 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 9-ы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Жылыой ауданынан -3, Индер, Құрманғазы аудандары мен  Теңіз кенішінен – 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың 5-еуінде ауру симптомды, қалғанында симптомсыз  түрде өтіп жатыр.

 Өткен тәулікте үй жағдайында ем алып жатқан 3 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 147  адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда  31 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 36 адам ем қабылдауда.