whatsapp image 2020 11 16 at 09.16.25
- ЖАҢАЛЫҚТАР550 просмотров

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН  14  АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында өткен тәулікте 14 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 5-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ,  Индер ауданынан -8, Исатай ауданынан – 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Коронавирус жұқпасымен науқастанған бір  адамда ауру симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтуде.

 Өткен тәулікте облыста коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар тіркелмеді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 99 адам үй жағдайында емделуде. Ал, №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 32 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 24 адам ем қабылдауда.

Covid-19 пандемиясы басталғалы бері Атырау облысында 11 435 адамнан індет анықталған, оның  11 202-сі емделіп шықты.