102 просмотров
whatsapp image 2020 11 26 at 09.51.15 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН  14 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

46 / 100

Атырау облысында өткен тәулікте 14 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 8-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен – 3 жұмысшыдан, Жылыой, Қызылқоға, Махамбет аудандарынан бір адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың 5-інде ауру симптомды түрде өтіп жатыр.
 Өткен тәулікте Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында ем алып жатқан 2 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 133  адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда  27 науқас, аудандағы инфекциялық стационарда 4, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 38 адам ем қабылдауда.

101 Просмотры