47 просмотров
whatsapp image 2020 11 17 at 09.44.52
- ЖАҢАЛЫҚТАР

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН  14  АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

46 / 100

Атырау облысында өткен тәулікте 14 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 3-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ,  Теңіз кенішінен -10, Исатай ауданынан – 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың бәрінде ауру симптомсыз түрде өтіп жатыр.

 Өткен тәулікте үй жағдайында ем алып жатқан 2 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 107 адам үй жағдайында емделуде. Ал, №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 32 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 28 адам ем қабылдауда.

Covid-19 пандемиясы басталғалы бері Атырау облысында 11 449 адамнан індет анықталған, оның  11 204-сі емделіп шықты.

49 Просмотры