Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 9-ы Атырау қаласынан, үшеуі Теңіз кенішінен тіркелген.
Коронавирус жұқпасымен науқастанған 5 адамда ауру симптомды, 7 науқаста симптомсыз түрде өтуде.
Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 5 адам және №2 Атырау облыстық инфекциялық стационардан 2 емделуші жазылып шықты. Қазіргі уақытта 98 науқас үй жағдайында емделуде.