41 просмотров
whatsapp image 2020 11 18 at 09.54.41 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН  11 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

46 / 100

Атырау облысында өткен тәулікте 11 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 7-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ,  Жылыой, Құрманғазы  аудандарынан – 1 ,  Индер ауданынан – 2 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың 4-еуінде ауру симптомды, қалғанында симптомсыз  түрде өтіп жатыр.

 Өткен тәулікте  инфекциялық стационарда ем алып  жатқан 2 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 108 адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда  31  науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 28 адам ем қабылдауда.

40 Просмотры