whatsapp image 2020 11 24 at 08.23.05 2
- ЖАҢАЛЫҚТАР531 просмотров

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН  11  АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында өткен тәулікте 11 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың бірі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Жылыой ауданынан -3,  Теңіз кенішінен – 7 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың бәрінде ауру симптомсыз  түрде өтіп жатыр.
 Өткен тәулікте инфекциялық стационарда ем алып жатқан 3 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 155  адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда  29 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 37 адам ем қабылдауда.