71 просмотров
22 main
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Облыста жыл басынан бері 320 419 ПЦР тест жүргізілген

50 / 100

Жалпы облыста індет басталғанан бері 320 419 ПЦР тест жүргізілді . (100 мың халыққа шаққанда 49108 адам).
Соңғы аптада тестілеудің орташа тәуліктік көрсетікші 2111 зерттеуді құрап отыр, анықталуы 0,33%.
ПЦР-тестілеуді облыста 3 мемлекеттік, 6 жекеменшік зертхана жүргізеді. Жалпы қуаттылығы тәулігіне 3 936 зерттеуді құрайды (Ұлттық сараптама орталығы Атырау-350, Жылыой-800, Олимп-1000, Проспект Медикал Атырау-350, Жылыой-800, Геолог-92, Инвиво-150, Хэлз Кей Атырау-94, Интертич-300).
Бұдан басқа, Атырау қаласында салынған жаңа модульдік ауруханаға қуаттылығы 700 зерттеу болатын бір ПЦР аппаратын қою жоспарлануда.
Облыстың медициналық ұйымдары халыққа көмек көрсету үшін 3 МРТ, 11 компьютерлік томография, 81 УЗИ, 256 ИВЛ және 27 рентген аппараттарымен, сондай-ақ 977 оттегі генераторлары мен 1341 пульсоксиметрмен қамтамасыз етілген.

71 Просмотры