- ЖАҢАЛЫҚТАР329 просмотров

ОБЛЫСТА ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖИЫНТЫҚТАРЫ ТАРАТЫЛУДА

Атырау облысында Короновирус вирус жұқтырудың алдын алу максатында халықтың әлжуаз топтарына соның ішінде, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға медициналық алғашқы көмек жиынтықтарын тарату басталды.

Медициналық алғашқы көмек жиынтықтарының құрамы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен айқындалды.

Бүгінгі күні, облыс бойынша 952 медициналық қорғау құралдар қобдишалары Атырау қаласы және аудандарда таратылды.

Медициналық қорғау құралдары қобдишасына:
1.Термометр (цифрлы) -1 дана;
2.Медициналық маска – 100 дана;
3.Қолға арналған антисептик – 2 дана;
4.Ибопрофен, таблетка 400мг – 20 таблетка;
5.Парацетамол, таблетка 500мг -20 таблеткалары салынған.

Медициналық қорғау құралдары қобдишалары Қазақстан Үкіметі, Азия Даму Банкі және Қазақстандағы БҰҰ ДАМУ Бағдарламасының COVID – 19 пандемиясына қарсы күрес жүргізу жөніндегі бірлескен бастамасы аясында Жапония Үкіметінің қаржылық қолдауымен халыққа тегін ұсынылуда.

@ Жұмыспен Қамту Басқармасы