B2322401 12FD 4236 8819 87E2F8171861
- ЖАҢАЛЫҚТАР419 просмотров

Атырау облысында рейдтік тексерулердің қорытындысы бойынша 549 ​​әкімшілік іс қозғалды

Қазіргі таңда карантиндік шаралардың сақталуын қадағалау мақсатында Атырау облысы бойынша қалалық және аудандық аппарат әкімдерінің өкімдерімен 110 мобильдік топ құрылды.

2020 жылдың 5 шілде мен 9 қараша аралығында Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мобильді топпен Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысын орындау мақсатында 4472 рейдтік тексеріс жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша шағын және орта бизнес объектілеріне және жеке тұлғаларға ӘҚБтК 425/1 бабы бойынша жалпы сомасы 80 млн 881090 теңгеге 549 әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.

Олардың ішінде 323 айыппұл жеке тұлғаларға салынған, олардың ішінде 112-і шағын және орта бизнеске байланысты емес нысандарға , 211 – і объектілерде өзінің тікелей жұмысын орындау кезінде карантиндік шараларды бұзған жеке тұлғаларға салынған. Жеке тұлғаларға салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 13млн 148350 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, 169 заңды тұлғаға әкімшілік шаралар қолданылды. Заңды тұлғаларға салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 62 млн 197140 теңгені құрайды.

Ал, ҚР ӘҚБК-нің 64-1-бабына сәйкес карантин режимінде елеусіз құқық бұзушылық жасаған 57 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ.