0 30
- ЖАҢАЛЫҚТАР578 просмотров

Облыс бойынша 110 мобильдік топ құрылды

Қазіргі таңда карантиндік шаралардың сақталуын қадағалау мақсатында Атырау облысы бойынша қалалық және аудандық аппарат әкімдерінің өкімдерімен 110 мобильдік топ құрылды.

2020 жылдың 5 шілде мен 4 қараша аралығында Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мобильді топпен Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысын орындау мақсатында 4057 рейдтік тексеріс жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша шағын және орта бизнес объектілеріне және жеке тұлғаларға ӘҚБтК 425/1 бабы бойынша жалпы сомасы 75 млн 481390 теңгеге 540 әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды