- ЖАҢАЛЫҚТАР101 просмотров

Міндетті вакцинация Конституция нормаларына сай келеді – Әділет министрлігі

Міндетті вакцинация Конституция талаптарына қайшы емес. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайтта жарияланған мәліметтерге қарағанда, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында денсаулық туралы Кодексте көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың бірі –профилактикалық екпелер.

Медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, ҚР аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы екпелерді алуға міндетті (Кодекстің 85-бабының 4 және 8-тармақтары), олардың қатарына КВИ-ға қарсы профилактикалық екпе де жатады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес). Осылайша, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар үшін КВИ-ға қарсы міндетті вакцинациялаудың құқықтық негіздері бар және бұл «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» деген конституциялық нормаға сәйкес келеді (Конституцияның 31-бабы). «Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік бере отырып, ҚР Конституциясы мұндай шектеудің жол берілетін шектерін белгілей отырып, оларды шектеу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын және халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана құқықтар мен бостандықтар шектелуі мүмкін (Конституцияның 39-бабының 1-тармағы)»,-делінген министрлік хабарламасында.