samolet
- ЖАҢАЛЫҚТАР125 просмотров

Мемлекеттік шекарадан өту тәртібі

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес еңбек қызметін жүзеге асыруға, емделуге, студенттерге және т.б. шұғыл жағдайларды қоспағанда, ҚР азаматтарымен, шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен ҚР Мемлекеттік шекарасынан өту уақытша шектелген.

2020 жылғы 11 қарашасынан бастап шекара маңындағы елдердегі қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚР азаматтарының, шетел азаматтарының және ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар азаматтығы жоқ адамдардың мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне қойылатын талаптар қосымша күшейтілді.

Сонымен шекарадан өту бойынша:

🔹Мемлекеттік шекара 30 тәулікте 1 реттен 90 тәулікте 1 ретке дейін өзгерді, ерекше жағдайларда шектеусіз: емделуге, оқуға, еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында, отбасы мүшелерін жерлеуге, отбасының ауыр науқастарына күтім жасау үшін және т. б.

🔹2021 жылдың 2 ақпанынан бастап ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне бірқатар жеңілдіктерді қарастыратын өзгерістер енгізілді.
ҚР азаматтары үшін де, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін де шекараны кесіп өту еселігі 3 есеге (90 тәулікте 1 реттен 30 тәулікте 1 есеге дейін) ұлғайтылды.)

🔹Сонымен қатар, шетелдіктер үшін де, ҚР азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін де жоғарыда аталған ерекше жағдайлар жалғасуда.

Бұдан басқа, ҚР Үкіметінің шешімі бойынша тікелей әуе қатынасы қайта басталған (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) мемлекеттер азаматтарының қатарынан шетелдіктердің ҚР азаматтарының шет мемлекеттерге ұшып шығуына, ҚР аумағына/арқылы кіруіне/транзиттік жүріп өтуіне рұқсат етілді.

©ҚР Денсаулық сақтау министрлігі