tcho 0812 01 1 scaled
- ЖАҢАЛЫҚТАР85 просмотров

КВИ науқастары үшін тартылған ауруханалар саны қысқартылды – Үкімет отырысы

Өңірлерде КВИ үшін қосымша тартылған ауруханалар саны біртіндеп қысқартылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

Оның айтуынша, 10 маусымдағы жағдай бойынша елімізде инфекциялық стационарлардың жүктемесі 24 пайызды, ал реанимациялық орындардың жүктемесі 21 пайызды құрап отыр. «Осы орайда соңғы айда инфекциялық және реанимациялық орындардың жүктемесі сәйкесінше 1,9 және 1,5 есеге төмендеді. Барша өңірде инфекциялық орындардың жүктеме деңгейі төмендеп келеді. Оның ішінде Алматы қаласында – 4 есе, Ақтөбе облысында – 3 есе, Алматы облысында – 2,5 есе, сондай-ақ Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында 2 есе азайды», – деді министр. Оның сөзіне қарағанда, соңғы айда ем-дом алып жатқан науқастардың саны 20 мыңға немесе екі есеге төмендеді. Өңірлерде КВИ үшін қосымша тартылған ауруханалар саны біртіндеп қысқартылды.