2021 12 07 ar 210719118
- ЖАҢАЛЫҚТАР64 просмотров

Коронавирустан емдейтін екінші препарат мақұлданды

Ұлыбританияда коро­навируспен ауыр­­ғандарды ем­дей­тін жаңа дәрілік пре­парат қолданыла бастады. Антидене арқылы әзірленген бұл дәрі қатерлі дерттің қаупін азайтады.

Ғалымдардың айтуынша, «Сот­ровимаб» деп аталатын жаңа препарат Omicron секілді вирустың жаңа штам­дарына да тиімді болмақ. Оны тамыр­ға тамшылату арқылы құяды. Пре­парат ви­руспен байланысып, оның жасу­ша­ларымызға енуін тоқтатады.

Клиникалық сынақ кезінде бір рет­тік доза ересектердің ауруханаға жату көрсеткішін және өлім қаупін 79 пайыз­ға төмендетті. Бұл – Ұлыбритания ден­саулық сақтау мекемесі мақұл­даған екінші дәрілік препарат.

«Ронапрев» және «Сотровимаб» секілді антидене арқылы емдеу тәсілі вирусты жұқтыра сала қолданғанда тиімді­лігін көрсетіп отыр. Дәрі-дәрмек­тер мен денсаулық сақтау өнімдерін реттеу агенттігі (MHRA) аталған препараттарды науқастың белгілері пайда болғаннан кейін бес күн ішінде қолдануға кеңес береді.

«Сотровимаб» (Xevudy) препаратын әзірлеп шығарған GSK компаниясы қазіргі таңда жаңа зертханалық сынақ жүріп жатқанын хабарлады. Бұл сынақ бүкіл әлемге таралып жатқан Omicron нұсқасына қаншалықты қарсы тұра алатынын анықтамақ.

Нақты нәтижеге қол жеткізу үшін қосымша деректер қажет. Бірақ зерттеу­шілер бұл препарат вирустың әлі үл­кен өзгерістерге немесе мутацияларға ұшы­ра­маған протеинінің бір бөлігіне бағытталғанын айтады. Яғни Omicron-ға қарсы тұра алады.

Жалпы, коронавирусқа қарсы бірнеше емдеу тәсілі бар. Оларды үш санатқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, вирусқа тікелей шабуыл жасайтын антиденелер. Яғни оны аурудан жазылғандардың қан плазмасынан немесе зертханада әзірлейді. Кейінгісіне «Ронапрев» және «Сотровимаб» секілді препараттар кіреді.

Екіншісі, «Молнупиравир» секілді вирусқа қарсы препараттар. Олар коронавирустың денеде таралуын тежейді. Үшіншісі, иммундық жүйені тыныштандыратын «Дексаметазон» сияқты препараттар.