virusy3
- ЖАҢАЛЫҚТАР68 просмотров

Коронавирус: Қазақстан «сары» аймақта тұр

Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан ауру көрсеткіші бойынша 221 елдің ішінде 104-орында, ал өлім-жітім бойынша 111-орында тұр. Қазақстанда 25 мамырда COVID-19-дың оң нәтижесімен 376 572 науқас, КВИ-дің теріс нәтижесімен 54 716 жағдай тіркелді», – деді ол.

Оның атап өтуінше, Қазақстан Республикасы «сары» аймақта тұр. Ал еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа кіреді. Олар – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды және Атырау облыстары. «Батыс Қазақстан облысы «қызыл» және «сары» аймақтардың арасындағы шекарада тұр. «Сары» аймақта 6 өңір бар: Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы. Қалған бес өңір «жасыл» аймаққа кіреді», – деді Алексей Цой.