Қазақстан «сары» аймақта тұр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
«Әлемдік рейтингіге сәйкес, Қазақстан 221 елдің ішінде ауру көрсеткіші бойынша 104-орында тұр. Ал өлім-жітім көрсеткіші бойынша Қазақстан соңғы 4 аптаның ішінде көрсеткішін 5 позицияға жақсартып, 107-орыннан 112-орынға көтерілді. 1 маусымға елімізде COVID-19-дың оң нәтижесімен 387 672 науқас, коронавирустың теріс нәтижесімен 55 263 жағдай тіркелді», – деді министр. Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы «сары» аймақта тұр. «Қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола мен Қарағанды облыстары кіреді. «Сары» аймақта 6 өңір тұр: Алматы қаласы , Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Қалған 8 өңір «жасыл» аймақта», – деді Алексей Цой.