Коронавирус өкпе тініне енбей, негізінен жоғарғы тыныс алу жолдары мүшелеріне әсер етеді. Бұл туралы РИА Новостиге берген сұхбатында Роспотребнадзор басшысы, эпидемиолог Анна Попова айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Вирус үнемі өзгеріп отырады, бұл оның қасиеті <…>. Ол адам ағзасына бейімделетін ең жақсы пішінді іздейді. Ең дұрыс пішінді, ең дұрыс аминқышқыл құрамын іздеу жолында вирус өзінің өкпе тініне ену қабілетін қамтамасыз ететін рецепторлардың бірін жоғалтты», – деді Ресейдің бас санитария дәрігері.
Ол омикрон, негізінен жоғарғы тыныс жолдарында қалып, трахеит, сондай-ақ балаларда бронхит ауруын тудыратынын түсіндірді.
Ол бұрын байқалғандай ауыр ауруды туғызбайды. Дегенмен, кейін қандай асқынулар болатынын білу керек – оның пайда болғанына аз уақыт өтті, деп ескертті ол.
«Бұрынғы нұсқалар ұзақ мерзімді асқынулар тудырғанын көрдік, әртүрлі. Сондықтан бүгінгі басты міндет – ауырмау, ол үшін бәрін жасау», – деді Попова.