210416193720901a3777379i
- ЖАҢАЛЫҚТАР58 просмотров

Коронавирус инфекциясының күшеюіне байланысты, Атырау облысында резервтік керуеттер жасақталды

Облыстың негізгі медициналық мекемелері базасында 1780 резервтік төсек-орын жасақталды, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде COVID-19 инфекциясын 437 адам жұқтырды.

Осыған байланысты денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиевтің тапсырмасы бойынша қосымша 1780 төсек жасақталды.

Орындар аймақтың негізгі медициналық мекемелерінің базасында дайындалып отыр. Резервтік төсектер Теңіз кен орнында да дайындалды.

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 453 науқас COVID-19-дан ем алуда, 646 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Коронавирустық инфекцияның таралу деңгейі бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта орналасқан.