vaccinationsh542046412 1513792 1280x853 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР75 просмотров

Коронавирус: Екпе алған жасөспірімдерге вакцина паспорты беріле ме

Бүгінде елімізде 12 жастан асқан жасөспірімдер Pfіzer вакцинасын алып жатыр.

Осы орайда еспе алған балалардың мәртебесі Ashyq жүйесі арқылы көрсетіле ме? Үкімет үйінде тілшілердің бұл сұрағына еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы екпе алған балаларға вакцинация паспортын беру мәселесі қаралып жатқан жоқ. Дегенмен екпе алып жатқан жасөспірімдер тіркеліп жатыр. Иә, балаларға арналған вакцинация паспорты туралы сұрап жатқан азаматтар бар. Коронавирусқа қарсы вакцина балаларға кішкентай кезінде салынатын егу секілді, әр баланың егу паспорты бар. Сондықтан вакцина алғаны туралы бөлек паспорт берудің қажеті шамалы. Ал Ashyq жүйесіне келсек, ол тек үлкен адамдарға қатысты», – деді А. Цой.

Бұған дейін министр Қазақстанда «Спутник Лайт» ресейлік вакцинасын өндіру мүмкіндігі туралы айтты. Сондай-ақ, ведомство басшысы «елімізде жаңажылдық корпоратив өткізуге рұқсат бар ма?» деген сауалға жауап берген еді. Одан бөлек, Алекцей Цой Pfіzer вакцинасын алып жатқан жүкті әйелдер, емізулі аналар мен жасөспірімдердің жағдайы туралы айтты.