AB6E40C2 5E3B 4A1C 964A 0E6CA16551CC
- ЖАҢАЛЫҚТАР40 просмотров

Коронавирус: Атырау «сары аймаққа» өтті

Атырауда өткен тәулікте 85 адамнан коронавирус анықталды,- деп хабарлайды atr.kz

Оның ішінде 53 науқас Атырау қаласынан, 3 науқас Теңіз кенішінен шығып отыр.

«Жылыой ауданында 13, Исатай ауданында 5, Қызылқоға ауданында 3, Құрманғазы ауданында 4, Махамбет ауданында 4 науқас анықталды» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.

49 науқаста коронавирус инфекциясы симптомды түрде өтуде.

Атап өтерлігі, өткен тәулікте 73 емделуші сауығып шықты.