195373
- ЖАҢАЛЫҚТАР335 просмотров

Италия коронавирусқа қарсы күресте шектеулерді әлсіретуге ниетті емес

Пандемияға байланысты төтенше жағдай режимі 2021 жылдың соңына дейін ұзартылды.

COVID-19 таралуына қарсы жаңа шаралар туралы Жарлықты ел Үкіметі мақұлдады. Азаматтар үшін жабық үй-жайлардағы мейрамханалар мен барларға, мұражайлар мен кинозалдарға, спорт залдар мен бассейндерге, сондай-ақ мәдени іс-шараларға бару үшін COVID-сертификаты енгізіледі.

Worldometer мәліметтері бойынша Италияда анықталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жалпы саны 4 302 393 құрайды, COVID-19 құрбандарының саны 127 920-ға жетті.