unnamed
- ЖАҢАЛЫҚТАР466 просмотров

Иммундық профилактикалық жұмыс барысы

Облыста иммундық профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру үшін 52 млн. теңге бөлінген. Тұмауға қарсы 60 мың доза вакцина сатып алынып, бүгінгі күні 58914 адамға (98%) вакцина салынды деп хабарлайды, денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, жұмыс берушілер есебінен 3705, ақылы негізде 141 адамға тұмауға қарсы вакцина салынды.
Жалпы облыста 62 760 адамға вакцина салынды, бұл облыс халқының 9,6%-ын құрайды.