- ЖАҢАЛЫҚТАР64 просмотров

Ералы Тоғжанов жасөспірімдерді ата-анасының жазбаша келісімімен ғана вакциналауды тапсырды

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанға Pfizer вакцинасының жеткізілуіне байланысты бекітілген талаптарды қатаң сатауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанға Pfizer компаниясы вакцинасының жеткізілуі мен халықтың мақсатты топтарын (12 жастан бастап балаларға, жүкті және бала емізетін аналарға) иммундауға дайындауға байланысты, бүгін COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов барлық өңірдің басшылығына бекітілген ережені қатаң сақтауды тапсырды. Сонымен қатар, жасөспірімдер вакцинациясын ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің ақпараттандырылған жазбаша келісімімен ғана жүргізу жүктелді», – делінген Ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша таратылған хабарламада.

Айта кетейік, елімізге Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы жеткізілді.

«Министрлік Pfizer компаниясының Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 4 млн 230 мың дозасын вакцина сатып алды. Бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. Республикаға 379 мың доза көлемінде бірінші партиясы жеткізілді. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакцинациялау үшін ұсынады», – деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.