210525093353604a3792072i
- ЖАҢАЛЫҚТАР83 просмотров

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның қанша дозасы бар

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі вакцинамен қамтамасыз ету жұмыстары жайында баяндады.

«Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жалғасып келеді. Қазіргі кезде 3,6 миллионға жуық доза вакцина егілді, оның ішінде бірінші компонентпен 2 371 178 адам қамтылды. Бұл өз кезегінде екпе салыну тиіс адамдардың 24 пайызы. Екінші компонентпен 1 264 247 адам қамтылды», – деді А. Цой.

Оның айтуынша, екпе орындарында вакцинаның жеткілікті дозасы бар. Осы орайда вакцинаның 1,2 млн дозаға тарта бірінші компоненті және 835 мың екінші компоненті бар. «Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес жүріп жатыр. Жергілікті атқарушы органдар вакциналау мен халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмысын жандандыруы керек», – деді министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин барлық деңгейдегі әкімдер вакцинация мәселесін жеке бақылауға алуы тиістігін айтты.