211215145213869e
- ЖАҢАЛЫҚТАР159 просмотров

Екпе алмағандар коронавируспен жиі ауырады және оларда індет асқынуы ықтимал – инфекционист

Алматылық инфекционист дәрігер екпе алғандар мен алмағандардың бойында коронавирус індеті қалай өтетіні жайлы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екпе алғандар мен алмағандардың бойында коронавирус ауруы екі түрлі өрбиді. Бұл туралы И.С.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары, инфекционист дәрігер Тамара Ұтағанова айтты. «Екпе дегеніміз – ағзамыздың дұрыс жұмыс істеуіне арналған вирустық ақпарат. Екпе алмағандарда ол ақпараттың саны аз болады. Сол үшін екпе алмағандар өте жиі ауырады және оларда індеттің ағымы ауыр өтіп, асқыну ықтималдығы жоғары. Екпе алғандар болса, олар залалданады. Ауырған жағдайда оларда сырқат жеңіл өтеді. Біз бұл жағдайды өз науқастарымыздан байқап отырмыз»,- деді дәрігер. Сондай-ақ, ол экспресс тест туралы өз ойын айтты. «Экспресс-тест ағзада коронавирус инфекциясының антигенін анықтап береді. Ол адамның жеке пайдалануына арналған. Қазір қала дәріханаларында сатылып жатыр. Егер экспресс тест нәтижесі «оң» деп көрсетсе, оны емханаға хабарлауға міндеттісіз»,- деді Тамара Ұтағанова.