40 просмотров
F8EFBEE9 CB49 478F 87B3 EB55DAE1AC38
- ЖАҢАЛЫҚТАР

COVID-19: ТАҒЫ ЕКІ ОБЛЫС «ҚЫЗЫЛ АЙМАҚҚА» ЕНДІ

52 / 100

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов Қостанай облысы мен Батыс Қазақстан облысы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша «қызыл аймаққа» енгенін айтты .

– Бізде «қызыл аймаққа» Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар, Қостанай облысы, Батыс Қазақстан облысы кірді. Ал «сары аймақта» Ақмола мен Нұр-Сұлтан бар. Қалған өңірлер «жасыл аймақта», – деді Қиясов онлайн-брифингте.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 118 491-ге жетті.

39 Просмотры