191017000320586e
- ЖАҢАЛЫҚТАР578 просмотров

COVID-19: ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ

COVID-19 пандемиясының бірінші толқынында Атырау облыстық перинаталдық орталығының провизорлық стационарында, коронавирусқа күдікті 108 жүкті әйел емделіп шыққан.

-Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №62 қаулысында түзетулер енгізілген. Қазір провизорлық стационар  деген  жоқ. Сол себепті, бұрын болған провизорлық стационардан керуерт санын қысқартып, (изолятoр) оқшаулау бөлмесі ашылды. COVID-19-ға күдікті деп саналатын жүкті әйелдер (қызу, жөтел, тұмау белгілері), ПТР тест қортындысы анықталғанша сол жерде болады. Оң нәтиже берген жағдайда, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады, – деді Атырау облыстық перинаталдық орталық директорының міндетін атқарушы Асқар Кенжеғалиев.

Еске сала кетейік, Республика бойынша инфекция жұқтырғандардың саны күрт өскен уақытта (маусым, шілде, тамыз айларында) да, орталық қызметкерлері COVID-19 инфекциясын жұқтырған 108 жүкті әйелді босандырған.

Атырау облысы аумағында жаңа туылған нәрестелер арасында COVID-19 инфекциясы тіркелмеген.