D56012DA 7C1D 4BFA A817 17939AA6B662
- ЖАҢАЛЫҚТАР437 просмотров

COVID-19: ИНФЕКЦИЯ ТЕК ӨКПЕГЕ ҒАНА ӘСЕР ЕТІП ҚОЙМАЙДЫ

Коронавирус инфекциясы салдарынан адамның үстіне бөртпелер шығып, шашының түсуіне дейін әкеп соғуы мүмкін, деп хабарлайды ATPress.kz

Бұл жөнінде Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансерінің басшысы Мира Бердешева Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

– Коронавирус инфекциясы өкпеге әсер етіп қоймай, тері қабаттарына да зиян тигізеді. Макулопапулярлы, везикулярлық, көп жүйелі қабыну симптомымен байланысты бөртпе, акральды ишемия, торлы ливедо және шаштың түсуіне әкеледі. Бұл белгілердің кейбіреуі инфекция жұқтырғаннан кейін бірден пайда болса, басқалары аурудың ауыр кезеңінде пайда болады, – деп хабарлайды  Мира Бердешева.