bez nazvaniya
- ЖАҢАЛЫҚТАР161 просмотров

COVID-19: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙС ЖОЛАУШЫЛАРЫНАН ИНФЕКЦИЯ АНЫҚТАЛДЫ

Халықаралық рейспен келген бірнеше жолаушының ПТР тест анықтамасы болмаған.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдегендей, ел аумағына келген 1 026  жолаушының кейбіреулерінде ПТР-тест тапсырғандығы туралы анықтама болмаған. Коронавирустық инфекция табылмағандығы жөнінде ПТР-тест қорытындысын ұсынған 921 жолаушы, қалған 105 адамда тиісті анықтама болмаған.

Өткен тәулікте Қазақстанға Еуропа (Түркия, Нидерланды, Белоруссия, Ресей), Азия (БАӘ, Корей, Өзбекстан) және Африкадан (Египет) жалпы 12 халықаралық рейс ұшағы қонған.

Олардың алтауы Нұр-Сұлтанға қонған (507 жолаушы, 431 – анықтамамен, 76 -анықтамасыз).

Бес ұшақ Алматыға қонды (420 жолаушы, 391 – анықтамамен, 29 – анықтамасыз).

99 жолаушысы (барлығы анықтамамен) бар 1 әуе борты Атырауға келді.

«ПТР-тест анықтамалары жоқ жолаушылар сол бойда карантиндік стационарға орналастырылып, олардан сынама алынды. Нәтижесінде екі адамнан Covid-19 анықталды», делінген департамент хабарламасында.