115778456 vacc reu
- ЖАҢАЛЫҚТАР329 просмотров

COVID-19-ға қарсы вакцинация

Вакцинация 18-ден 64 жасқа дейінгі адамдарға салынады.

Вакцинация ерікті түрде және әр азаматқа тегін жасалатын болады.

Тұрақты профилактикалық егулер және уақытша қарсы көрсетілімдері бар адамдарға КВИ-ға қарсы екпе салынбайды.

КВИ-дың ауыр жағдайы және симптомсыз белгілері бар адамдар екпе алуға жатпайды.

Жұқпалы ауру бар науқастың және оның ішінде КВИ-мен ауырған науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін ғана вакцинация жасалатын болады. Екпе салу алдында КВИ-ға қарсы антиденелер бар-жоғын анықтау үшін скрининг жасалмайды.

КВИ-дың кез келген формасымен ауырған пациент емделіп шыққаннан кейін денсаулық жағдайына сәйкес кемінде 6 айдан кейін екпе алғаны дұрыс болады.

Бірінші кезеңде, осы ақпан айында тәуекел тобына жататын медицина қызметкерлері (жұқпалы аурухана, жедел жәрдем қызметкерлері, алғашқы көмек көрсету ұйымдарының қызметкерлері) вакцинацияланатын болады. Одан әрі мұғалім, полиция қызметкерлері, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, осылайша кезең кезеңмен қамтылатын болады.