№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында пандемия кезінде коронавирус індеті анықталған жоқ.
Бұл жөнінде еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлнар Меңдігариева Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.
– №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жобалық қуаттылығы – 150 орын (100-стационар, 50-күндізгі бөлімше). Қазіргі уақытта стационар жағдайында 40 қызмет алушы бар. Олардың ішінде 12 бала ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған. Орталықта балалар арасында пандемия кезінде коронавирус індеті анықталған жоқ.Қызмет алушылардың туған-туыстарымен үнемі байланыста болу, әлеуметтік желілермен қолдану, жаһандық жаңалықтармен танысу үшін ғимараттың бірінші қабатында WI-FI зонасы жабдықталған, – деді Гүлнар Меңдігариева.