whatsapp image 2021 05 27 at 16.50.06
- ЖАҢАЛЫҚТАР56 просмотров

COVID-19: Атырауға вакцина тасымалдайтын бес жылжымалы автокөлік мұздатқышы жеткізілді

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін көлемі және сыйымдылығы әртүрлі 28 мұздатқыш Теңізшевройл (ТШО) Денсаулық Сақтау Басқармасына жеткізілген болатын.

Қазақстан Республикасында азаматтарды ерікті түрде вакцинациялау бойынша мемлекеттік бағдарлама қарқынды түрде жүзеге асырылуда. ТШО пандемияға қарсы күресте вакцинацияны маңызды құрал деп санап,  осы бағыттағы үкіметтің іс-шараларын толықтай қолдайды. Бүгінгі күнге 16 000-нан астам Теңіз жұмысшылары вакцинаның бірінші компонентін алды, вакцинациялауды қалайтын барлығы 19 000 адам Теңіз кенішінің жұмысшылары арасында тіркелген.

ТШО жалпы көлемі 4,5 млрд теңгеден асатын медициналық жабдық пен қолдануға қажет   материалдарды сатып алуға демеушілік қолдау көрсете отырып, мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істеуді жалғастыруда. Атап айтқанда, Атырау облысының тұрғындары үшін 648000 жеке қорғаныс құралы, 56 оттегі концентраты, 252 медициналық жабдық, 20 өкпе желдеткішіаппараты және 4 ПТР-сынамасы  қондырғысы сатып алынды. 

ТШО бизнес-серіктестермен және мердігерлермен бірге Теңіз кен орнына жақын   орналасқан Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан  200 орындық көпбейінді медициналық кешен  құрылысына қаражат жинау бастамасын басқаруда.