thumbs b c 68f5bedbbc50fc9ac8291d8d00455232
- ЖАҢАЛЫҚТАР328 просмотров

COVID-19: Атырауда коронавирус инфекциясынан 145  адам  емделіп шықты

«Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта 291 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда  72 науқас,  аудандардағы инфекциялық стационарларда 25 адам ем қабылдауда» ,  – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
  Атырау облысында өткен тәулікте 25 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 4-еуі  Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 16 жұмысшыдан, Жылыой – 1,  Индер ауданында 4  адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
  Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 8-інде ауру симптомды түрде өтуде.

 Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «сары аймақта» тұр.