«Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта 248 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 97 науқас, аудандардағы инфекциялық стационарларда 34 адам ем қабылдауда» , – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
Ал, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында қауіпті дерт жұқтырған 732 адам оқшауланып, дәрігер бақылауында.
Атырау облысында өткен тәулікте 78 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 1-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 72 жұмысшыдан, Жылыой ауданында 5 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 10-ында ауру симптомды түрде өтуде.
Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «қызыл аймақта» қалып отыр.