561E8AD5 16B6 4252 B4A8 3CAA269BB89C
- ЖАҢАЛЫҚТАР65 просмотров

 COVID-19: Атырауда коронавирус инфекциясынан 125 адам  емделіп шықты.

«Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта 231  адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда  100  науқас,  аудандардағы инфекциялық стационарларда 43 адам ем қабылдауда» ,  – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
  Ал, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында қауіпті дерт жұқтырған  806 адам оқшаулау бөлімінде жатыр.
Атырау облысында өткен тәулікте 85 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 15-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 58 жұмысшыдан, Жылыой -4, Қызылқоға-3,  Махамбет -2, Құрманғазы ауданында 3 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
  Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 19-ында  ауру симптомды түрде өтуде.
 Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «сары аймақта»  қалып отыр.