«Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта 374 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 69 науқас, аудандардағы инфекциялық стационарларда 21 адам ем қабылдауда» , – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
Атырау облысында өткен тәулікте 89 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 27-сі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 57 жұмысшыдан, Исатай-1, Жылыой ауданында 4 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 23-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «сары аймаққа» енді.