photo 321741 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР344 просмотров

COVID-19: Атырауда коронавирус инфекциясынан 108  адам  емделіп шықты

«Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта 350  адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда  65  науқас,  аудандардағы инфекциялық стационарларда 20  адам ем қабылдауда» ,  – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
 
Атырау облысында өткен тәулікте 58 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 13-і  Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 36 жұмысшыдан, Жылыой-1,  Қызылқоға-1, Махамбет-1, Құрманғазы  ауданында 6 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
  Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 13-інде ауру симптомды түрде өтуде.
 Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «сары аймақта» қалып отыр.