photo 321741 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР112 просмотров

COVID-19: АТЫРАУДА ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАН 22  АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында өткен тәулікте 22  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 11-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 10 жұмысшыдан,  Индер ауданында 1  адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 5-інде ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 106  адам  емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 217 адам үй жағдайында емделуде. 
Облыстық инфекциялық стационарда  73
 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 24, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 352 адам оқшауланып, инфекциялық стационарда ем қабылдауда.
Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты бүгін, екінші күн- Атырау облысы «жасыл» аймақта тұр.