photo 314336
- ЖАҢАЛЫҚТАР409 просмотров

COVID-19: АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ ОННАН АСТЫ

Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 638 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Атырау облысында 12 жаңа жағдай анықталып отыр.

Науқастардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан (261) және Қостанай (53) облыстарында. Нұр-Сұлтанда – 51, Павлодарда – 49, Солтүстік Қазақстан облысында – 43 жаңа жағдай тіркелген. Одан кейінгі орында Алматы қаласы (30) мен Ақмола облысы (37). Батыс Қазақстан облысында бұл көрсетікш – 30 адамға, Қарағандыда – 17, Алматы облысында 16 адамға жеткен. Ақтөбе облысында – 10, Жамбылда – 7, Шымкент қаласы мен Түркістан облысында төрт адам коронавирус жұқтырған. COVID-19 жұқтырғандар арасында ең аз көрсеткіш тіркелген аймақтар – Маңғыстау (3) және Қызылорда (2) облысы.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 119 129 адам

Сондай-ақ, өткен тәулікте 326 адам COVID-19 індетінен емделіп шыққан. Оның көбі Шығыс Қазақстан облысы (78) мен Солтүстік Қазақстан облысында (50). Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан қаласы (45), Павлодар (42) және Ақмола (31) облыстары. Қызылордада – 16, Батыс Қазақстан облысында – 15, Қарағандыда – 14, Ақтөбеде – 10 және Шымкент қаласында – 8 адам дерттен емделіп шыққан. Алматы мен Атырау облыстарында бұл көрсеткіш 7 адамға, Жамбылда – 3 адамға тең.

Жалпы Қазақстан бойынша жазылған адамдар саны – 108 958.