- ЖАҢАЛЫҚТАР242 просмотров

Covid-19: Атырауда бір тәулікте 891 тұрғын екпе алды

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

17 маусымдағы деректер бойынша «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 891 жергілікті тұрғын алды.
Екпе алғандардың қатарында 10 медицина қызметкері, 45 педагог, 2 полиция қызметкері, 10 студент, 1 жабық мекеменің қызметкері, 22 құқық қорғау органдарының қызметкерлері, 6 мемлекеттік қызметші, 22 созылмалы аурулары бар науқастар, 773 жергілікті тұрғын.

2021 жылғы 1 ақпан мен 17маусым аралығындағы кезеңде барлығы 69 304 адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 27 569 адам алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірге «Спутник V» вакцинасы II компонентінің 39 850 дозасы келді. Олар Атырау облысының барлық егу пунктеріне жеткізілді.